



















І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студенттер арасында «AI SANA CONTEST: WE LEARN, CREATE, CHANGE THE FUTURE» атты республикалық байқау ұйымдастырылды.
Байқау «Үздік сахналық сюжет», «Үздік визуалды генерация», «Үздік дыбыстық/музыкалық композиция» атты үш номинация бойынша өтті.
Төрелік еткен қазылар алқасының құрамында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің директоры Шыңғыс Нұрғожаев, Цифрландыру және техникалық қамтамасыз ету департаменті директорының міндетін атқарушы Дәулет Батырбеков, Жасанды интеллект және виртуалды шындық зертханасының меңгерушісі Қыдырәлі Ахмет, Процестерді цифрландыру және автоматтандыру бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Жайлау Ерасыл, Физика және математика кафедрасының оқытушы-лекторы Жалғас Ахметов, Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект кафедрасының оқытушы-лекторы Әсел Оразбаева, Шығармашылық білім беру кафедрасының оқытушы-ассистенті Арслан Бараков болды.
«Үздік сахналық сюжет» номинациясы бойынша жүлделі І орынды Мүсілім Аймара, ІІ орынды Лаура Байбатырова, ІІІ орынды Тен Виктория иеленді.
«Үздік визуалды генерация» номинациясы бойынша І орынды Амангелді Рахат, ІІ орынды Есімбек Роксана, ІІІ орынды Ерғали Әли жеңіп алды.
«Үздік дыбыстық (музыкалық) композиция» номинациясында І орынға Әсетхан Нұрасыл Әділұлы, ІІ орынға Бақытжанқызы Аружан, ІІІ орынға Ежелев Максим ие болды.
#SDG #ЦУР #ТДМ










