AI-Sana бағдарламасы

AI-Sana бағдарламасы – 2024 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырмасы бойынша іске қосылған кең ауқымды мемлекеттік бастама. Бағдарламаның мақсаты – елде жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау және осы саладағы экожүйені дамыту.

токаев

«ЖИ технологиялары саласындағы отандық және халықаралық білім беру бағдарламалары еліміздің кадрлық әлеуетін нығайтуға үлес қоса алады. Үкіметке жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлауға арналған AI-Sana бағдарламасын кезең-кезеңімен іске асыру мәселесін пысықтауды тапсырамын. Бағдарлама оқыту, зерттеу және стартаптарды дамыту ісін біріктіретін серпінді экожүйе қалыптастыруға ықпал етуі тиіс. Әлемнің жетекші университеттерінің акселерация тәжірибесін пайдалану қажет. Жасанды интеллекттің пайдасын әрбір Қазақстан азаматына жеткізу, оның не үшін қажет екенін және оны дұрыс қолдану жолдарын түсіндіру маңызды». 
Толығырақ

37d72b16 7c31 456d bcbb 6d9e90210258 1024x208

«ЖИ-ді оқу процесіне енгізу

бұл заман талабына сай әрекет қана емес. Бұл – икемді, жекелендірілген және тиімді білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған саналы қадам. Жасанды интеллект бұрын мүмкін емес деп қабылданған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Интеллектуалды алгоритмдердің арқасында біз әр студенттің үлгерімін нақты уақыт режимінде талдай аламыз, жекелендірілген оқу траекторияларын қалыптастырамыз, қиындық туындауы ықтимал салаларды алдын ала болжап, дер кезінде қолдау көрсетеміз, үлкен деректер негізінде оқу бағдарламаларын оңтайландырамыз, оқытушының күнделікті атқаратын рутиндік жұмыстарын автоматтандырып, оның шығармашылықпен айналысуына және тәлімгерлік қызметіне көбірек уақыт бөлуіне мүмкіндік жасаймыз. Жасанды интеллект оқытушыны алмастырмайды, керісінше, оның рөлін арттырады. Ол оқытушыны жай ғана білім тасымалдаушы емес, білім беру процесінің модераторы, тәлімгер және стратег ретінде қалыптастырады».
Толығырақ

Ермек Әбілтайұлы Бөрібаев

29533a6c a51e 44c6 bd2d 4cc148f7d32c 702x1024
ed6fcb9a 5e1e 4997 b184 5cc428576d32 1024x484

«AI-Sana» жобасы аясында Жетісу университеті оқу үдерісінде жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану бойынша 5400 студентті оқытып, сертификат берді.

Жобаға қатысу университеттің оқу процесіне жасанды интеллект технологияларын қолданатын бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу мен енгізуді көздейді. 2025 жылы бес ЖИ-агентін іске қосу жоспарланған.

 

ЖИ агенттің атауы
Мақсаты/ қызметі
Іске асыру мерзімі
ЖИ агентті іске асыру барысы туралы ақпарат
1
Aurora
Табиғи тілді тануға және интерпретациялауға қабілетті дауыс көмекшісі, сонымен қатар пайдаланушының сұранысына негізделген түрлі тапсырмаларды орындайды.
2025 жылдың 4-тоқсаны
Жоба әзірлеу сатысында.
2
«Smart Zhetysu» цифрлық платформасының көмекшісі
ЖИ агент білім алушыларға келесі бағыттар бойынша жедел және кеңес беру көмегін көрсетеді:
— жеке кабинетпен жұмыс;
— жатақхана, аударым, шығару, аударма бойынша өтініштер;
— университеттің тәрбие және оқу үдерісі бойынша.
2025 жылдың 4-тоқсаны
Толық нұсқасы сілтеме бойынша қолжетімді.
3
ZU Connect
Telegram чат-боты талапкерлер мен студенттерге арналған. Ақпаратқа жылдам қол жеткізу, автоматтандырылған жауаптар, курс пен іс-шараларға тіркелу, университет жүйелерімен біріктіруді қамтамасыз етеді.
2025 жылдың 4-тоқсаны
Жоба әзірлеу сатысында.
4
Мультимедиа
Анимациялық және бейнемазмұн жасауға бағытталған жоба. ЖИ арқылы сценарий жазу, бейнематериал жасау, субтитрлеу, аударма және түрлі форматқа бейімдеу мүмкіндіктерін қамтиды.
2025 жылдың 4-тоқсаны
Жоба әзірлеу сатысында.
5
AI Game studio
Жасанды интеллект көмегімен бейнеойындар әзірлеу. Персонаждарды, сюжеттік желілерді және деңгейлерді автоматтандырылған түрде жасау арқылы түрлі жанрдағы ойындар дайындау.
2025 жылдың 4-тоқсаны
Жоба әзірлеу сатысында.

Университет жанындағы Биотехнология және экология ғылыми-зерттеу институтының, ғылыми зертханалардың және жетекші ғалымдардың барлық деректері мен зерттеу нәтижелері жүйелі түрде цифрландырылып, «Цифрлық ғылыми порталға» орналастырылады.